Осы күнім ерекше өтті...

 

Мамыр айының бесінші жұлдызында, Алматы қаласындағы Нұр Отан ХДП-сы ғимаратында, «Жас Отан» жастар қанатында қызмет ететін ҚазҰу-дің, журналистика факультетінде оқитын 3 курс студенті Фаризаның жүргізуімен шеберлік класы болып өтті. Онда болашақ студент журналистер жиналды. Біз «Заң» газетінің белгілі журналисті, заңгер Аманхан Әлімұлы мырзамен кездестік. Ол кісі өз сөзін «Журналист-мамандық емес, ол - туа біткен талант», - деп бастады. Ары қарай, «яғни журналист болу - бұл Алланың cендерге берген сыйы. Оқып инженер бола аласың, оқып мұғалім бола аласың, оқып дәрігер де бола аласың, ал бірақ оқып журналист бола алмайсың, себебі  іс-қимылмен, ізденумен қатар көп еңбек етсең ғана нағыз журналист бола аласыңдар! Ақынға да, жазушыға да, тіпті әншіге де табиғи тума талант, дарын берілмесе, онда ол өзін ақынмын, жазушымын, әншімін деп, өзіне көп ала бермесін. Кейбіреулерге, белгілі бір сомаға жаздырып алып, беті бүлк етпестен, «міне, мен жазып келдім», деп айта салу әлдеқайда оңай. Ал, нағыз дарын иесіне мұны жазу үшін қаншама еңбек, қаншама талап керек екенін ұғыну қиын. Журналист қай кезде де арлы болуы керек. Журналист - ұлттың ар-ожданы, қоғамның ар-ожданы, мемлекеттің ар-ожданы. Журналист арлы да адал болса ол нағыз қазіргі заманға сай журналист бола алады. Сонымен қатар журналист бір саланың маманы емес, жан-жақты болуы керек, яғни кез-келген саланы меңгеруі керек. Себебі, ол жазғанда не нәрсені болсын мақтап немесе даттап жаза алады емес пе?! Сондықтан да, олардың ойы ұшқыр да жан-жақты бола білуі тиіс!» -  деп жалғастырды. Меніңше, журналист мамандық атауы емес, ол – орысша айтқанда призвание.                                                                                                                            Тағы да бір сөзінен ұққаным журналист тек қана өз саласының маманы емес, ол сонымен қатар заң тұстарын да  білуі керек. Егер, ол заңды білмесе, онда нені жазу керек екенін, нені жазбау керек екенін аңғара алмайды. Және де журналистің мықтылығы әркімнің өзіне байланысты екенін де айтып өтті. Жалпы, мен бұл шеберлік класына барып, өзіме қажетті көптеген мәліметтерді алғаныма қуаныштымын. Уақытым зая кеткен жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы, мен осы «Жас Отан» жастар қанатының қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болдым.         

7 мая, 10:33
123

Мен өте қуаныштымын...

 

Қазақстанның белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітхан мырзамен, Нұр Отан ХДП-сының акті залында кездесу болды. Мұнда жас журналистер қауымы жиналған болатын. Ол кісімен мақалаға тақырып қою мәселесін талқыға салдық. Амангелді мырза: «тақырып қоя білу-шеберлік, ол бір үлкен өнер» екенін баса назар аудырып айтып бастады. Және де бірнеше үздік мақаланың тақырыптары жайлы толығырақ түсіндіріп айтты. Мәселен, «Достықтың до, ре, ми, фа-сы», «86 жылдың - теңдессіз 16 күні», «Өкпелесең, өзің біл!», «Қалайсың Қарағанды!» сонымен қатар «Христостың туған күні, қыз-жігіттің думан күні» және т.б көптеген маңызы бар, керемет мақалаға сай қойылған тақырыптарды атап өтті. Ол кісі «неғұрлым тақырып айғайлап тұрса, соғұрлым жұрт көп оқиды, соғұрлым үнемі елдің аузында жүретін жақсы мақалаға айналады», - деді бір сөзінде. Және де, «Алматы ақшамы» газетінде «Айтысқа қуанып келіп, қуарып қайтамын» атты мақаласының тақырыбы сәтті қойылғанын да айтып кетті. Естімеген елде көп демекші, бір кезде «Жібі салақтап тұр» деген тақырыпты айтқанда залдың, іші ду-ду күліп жіберді. Бұл тақырып жұмбақтап, тура мағынада емес, ауыспалы мағынада жазылғанын түсіндіріп өтті. Сіздер де қате ойлап қалмас үшін, бұның мән-мағынасын түсіндіріп өтейін. Яғни, бұл дегеніміз - жағдайы мәз емес, әл-ауқаты төмендеп тұр,-дегенді білдіреді екен. Сонымен қатар, шетелдіктердің көбісі тақырыпты креативті, мықты бір білімді адамға қойдыртады. Шет елдердің көбінде солай деседі. Менің бұл шеберлік класынан тағы бір түсінгенім, газет-журналдарға шығатын мақалалардың тақырыбын ойнату керек екенін және де кез-келген мақаланың тақырыбы от шашып тұру керек екенін ұғындым. Сондай-ақ, газет-журналдардың басты мақсаты, газетті халықтың қолына алдыру, халыққа оқыту болып табылады. Сондықтан да тақырыпқа аса мән беріп, ойланып қоя білу керек деп санаймын. Бұл шеберлік класынан өте жақсы нәрселерді үйрендім десем артық айтпағандық болар. Мен осы өткен күнім үшін қуаныштымын.

7 мая, 10:28
213

Nokia компаниясы

 

"Біз адамдардың басын қосуын өз міндетіміз деп санаймыз. Адамдарды олар үшін маңызды болып келетін нәрселерге жақынырақ болдыратын қызметтермен бірге қиысқан жаңа технологияларды ұсынамыз. Күн сайын 1,3 миллиардтан астам адам бір-бірімен - қарапайым телефондардан бастап, қазіргі заман смартфондарымен аяқтап компаниясы ұсынған құрылғылар арқылы байланысады. Nokia компаниясы Ovi (www.ovi.com)арқылы өз құрылғыларына инновациялық қызметтерді енгізеді, оның ішінде музыка, карталар, үстемелер, электрон поштасы мен басқа көп нәрселер. Nokia-ның бөлімшесі NAVTEG компаниясы кешендік сандық картография мен навигациялық қызметтер саласындағы жетекші болып келеді, ал Nokia Siemens Networks компаниясы бүкіл әлем бойынша байланыс жүйелері үшін жабдық пен шешімдерді жеткізеді" деп айтып өтті кезекті презентацияда. Nokia компаниясы өздерінің жеткен алуан жетістіктері, дүние жүзінде қалай тарайтындары жайлы және жаңадан шығып жатқан модельдері туралы толық мағлұмат беріп кетті. Маған олардың презентациялары қатты ұнады. Мен көп нәрсе үйрендім. Сонымен қатар бірнеше ұялы телефондарымен таныстырды. Олардың артықшылықтары мен ерекшеліктерін де айтып кетті. Маған соның ішінде ұнағаны Nokia-8 ұялы байланысы ұнады. Мен сол күні өзімді ерекше бақытты сезіндім. Nokia - тек қана алға қарай самғай бер!           

27 апреля, 13:59
215

Біздің бишілер жүлделі 3 орынға ие болды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, журналистика факультетінің студенттерінен жиналған "Мегаполис" атты бишілер тобы "Студенттік көктем-2011" байқауынан жүлделі 3 орынға қол жеткізді. Оларды қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз. Оның ішінде айта кету керек - Оразбай Дана, Чалгынбаева Арайлым, Кеңесбаева Айдан, Смағұлова Маржан және Ыдырыс Айкүміс деген аруларымыз өте жақсы өнер көрсете білді. Әрдайым осындай биік белестерден көріне берулеріңе тілектеспін. Енді барлығыңызды алда жұма күні яғни 22 сәуір күні біздің бишілердің қатысуымен өтетін гала концертке шақырамыз. Келіңіздер! Көріңіздер! Біздің бишілердің керемет биін тамашалауға асығыңыздар! ( әсіресе  105-топтың студенттері)

20 апреля, 10:32
237

Kcell компаниясының сарапшысы - Еркін Үдербай

 9 сәуір күні өзінің бітірп кеткен алтын-ұя ордасына Kcell компаниясының қоғаммен байланыс сарапшысы Еркін Үдербай мырза келген болатын. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Халықаралық қатынастар" факультетін тәмамдаған. Ол бірнеше жерлерде жұмыс жасап, өз тәжірибесіне біраз байлықтар салып алған көрінеді. Себебі, ол Қазақстан баспасөз клубында, "Xerox" компаниясында және "British American Tobacco"-да жұмыс жасаған. Соныман қатар Ұлыбританияға барып өз тәжірибесін одан әрі шыңдап келуге зор мүмкіндік алған. Оның PR саласында жұмыс жасағанына 10 жылдай уақыт болған. Еркін бізге коммуникация жайлы және оның тарихы жайлы мәліметтер айтып кетті. Ол өзі Kcell компаниясында жұмыс жасағандықтан 3G және 4G ұялы байланыстарының даму үстінде екенін айтты. Ол шет елдерде соның ішінде Корея мен Жапонияда 10 жыл бұрын пайда болғанын да айтып өтті. Қоғаммен байланыстың сарапшы маманы ретінде ол бізге арнайы дайындаған "4G/LTE - жылдамдық дамуы" атты презентациясымен сабағын одан әрі жалғастырды. Менің бұл сабақтан үйренгенім 4040 нөмеріне старт деп хат жіберсең твиттерге тіркелуге мүмкіндіктің бар екенін білдім. "90 жылдары 1 мобильді революция орын алған. Ал, 2 революция 2007 жылы басталды. Онда өте жоғары мобильді тәртіп деген ұғым пайда болды. Жаңа технологиялар мен жаңа ганджеттер пайда бола бастады. Қазіргі таңда 2011-2015 жылдары біз жаңа мобильдік революцияға бара жатырмыз. Барлығы инновациялық технологияларды қолданатын болады", - дейді бір сөзінде Еркін Үдербай мырза. Және де мен конвергенцияның не екенін үйрендім. Еркіннің тағы да бір айтқан қызықты технологияларының бірі казір шет елдерде "ақылды тоңазытқыш", "белсенді майда толқынды пеш", "ғажайып кір жуғыш машиналары" жайлы қызықты ақпарат айтып кетті. Ол технологиялар Аллаһ қаласа біздің елге де жететінін баса көктеп айтты. Мысалы, кейбір ауылды жерлерде дәрігерлер тапшы, сол себептен оны да жаңа технологиялардың көмегі арқылы яғни интернет арқылы емдей беруге болатынын айтты. Еркіннің өткізген бұл сабағы өте қызықты болып өтті. Маған қатты ұнады. Осындай сабақтар әрине бізде жиі болып тұрады. Тағы да көбірек болса екен деймін.       

10 апреля, 19:13
257

Александр Ляховпен өткен кездесу естен кетпестей болды

 Сәуір айының 2-ші жұлдызында біздің топқа "Қазақстандағы интернет бірлестігінің" вице-президенті, "Қаз Контакты" акционерлік қоғамының директоры Александр Ляхов мырза келген болатын. Ол бізге Пиар және технологиялар жайлы лекция сабағын өткізді. Ол өзін таныстырып болған соң, лекцияны арнайы дайындалған презентациямен бастағанды жөн көрді. Презентацияның тақырыбы "Пиар - шекарасы жоқ, соғыс алаңы" - деп аталады десек артық болмас. Ляхов бізге көптеген мәліметтерді айтты. Оның жүргізген лекциясы маған қатты ұнады. Себебі, ол өз ісінің нағыз білікті маманы екені тайға таңба басқандай боп көрініп тұрды. Ляхов өте ақылды, білімді, жан-жақты бола тұра мен оның ойының ұшқыр екені байқадым. Ол бізге өзінің білген-түйгендерін барынша айтып, бізді бір қуантты. Ляхов өзінің сабағында Пиар маманы жайлы және интернеттегі мәселелер туралы да біраз ақпараттар тарқатып кетті. Мен оның сабағынан үйренгенім Пиар бұл шекарасы жок соғыс дегенді түсіндім. Ұлттық БАҚ-ғы пиар ол - телевидение, радио, баспа және т.б. Және де пиар нен зертейді? - деген сұраққа толықтай жауап ала алдым. Халық ақпаратты қайдан алады? - дегенде бірнеше сайттарды атап көрсетті. Олар: bing.com, rombler, qwate, google, yandeх, т.б. Негативпен қалай күресуге болады, және пиардың интернеттегі өзгешелігі: позитив жүрген жерде негатив те қатар жүреді. Себебі, бұлар сыбайлас ұғымдар. Сондықтан да интернеттегі негативпен күресу әрбір пиар маманының міндеті болып табылады. Александр Ляховты лекциясын тыңдай отырып, өзіме қажетті ақпараттарды жинай алдым. Дей тұрғанмен Дядя Шаланың сыйға берген 7 кеңесін толықтай түсіндіріп кетті. Ал, мен қысқаша нақты баяндап кетейін. 

      1. Негативке тікелей байланысқа шығыңыз;

      2. Өз бизнесіңіз туралы қосымша сайт құрыңыз;

      3. Википидияны қолданыңыз;

      4. Пресс-релизді белсенді тарқатыңыз:

      5. Беттерді (парақ) сатып алыңыз;

      6. Өзіңіздің көпке ұсынар, сөздері жақсы өңделген сайттарды сатып алыңыз;

      7. Оқырмандар үшін ликбер ұйымдастырыңыз; 

Александр Ляхов өзінің лекциясының соңында бізден интеллигент пен интеллектуалдың айырмашылығын білесіңдерме? - деп сұрағанда оған Маржан есімді аруымыз жауап берген болатын. Менің ойымша интеллигент дегеніміз - барлық жақсы қасиеттерді тұла бойына сіңіре білген жеке тұлға болып табылса, ал, интеллектуал - ойлау қабілетінің деңгейі, ақыл мен парасат жүйесі деп білемін.   

9 апреля, 23:32
275

Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра

 

Домбыра мұнша  шешен болдың неге? Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін, Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра  ілулі тұрған немесе үй-ішінің  біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем  болған.Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді. Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар екенін о бастан біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы кейін де сол пернені оңай тауып алады.Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап беріп көрейікші?!

9 апреля, 21:44
1257

ЕҢ... ЕҢ... ЕҢ...

 

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық.

9 апреля, 21:14
287

ҚазҰу қалашығында 3 күн бойы сенбілік өтті

 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 7,8,9 сәуір күндері сенбілік болды. Бұл сенбілікті арнайы  жексенбі күні өтетін наурыз тойына байланысты ұйымдастырып отырған секілді. Дегенмен де көктем келіп, күн жылынып, бәйшешектер бүр жарды емеспе! Сол себептен де ҚазҰу студенттері өздері оқитын білім ордаларының ауласын таза ұстағнды жөн санады. Бейсенбі күннен бастап журналистика фаультетінің білімді ұстаздары мен ақылды студенттері, жеңді түріп тастап іске кірісіп кете барды. Керек десеңіз факультет деканы Есберген Алауханов та қолына күрек алып, азда болса өз үлесін қосты. Сонымен қатар деканның орынбасарлары Айгерім Болатханқызы мен Ерлан ағай да аянбай еңбек еті. Әсіресе мен мына 105-топ студенттеріне, болашақ Пиаршыларға дән ризашылығымды білдіремін. Себебі, олар 3күн қатарынан сабақтарын тастап, халыққа өз пайдаларын тигізуге бір кісідей ат салысты. Онымен қоса біздің эдвайзеріміз Назгүл Тұсынбайқызы өзінің ауырып тұрған жағдайына қарамастан, жұмыла жұмыс жасады. Мен ойлап қарасам, бұрын соңды мұндай 3күнге созылған сенбілікті бастан кешірмеппін. Жалпы бұл сенбілікке еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейінгілердің барлығы бірдей жұмыс істеді десем, асыра сілтемегендік болар. Біз өз университетіміздің айналасын таза ұстауға, табиғатымызды аялауға және көгалдандыруға өз үлесімізді қостық әрі қарай да қоса береміз деген сенімдемін. Наурызға келіңіздеееер!               

9 апреля, 20:45
210

3 сағатқа созылған супер лекция

Наурыз айының 12-жұлдызында ҚазҰУ университетінің 1курс студенттеріне арнайы лекция сабағы өтті. Ол сабақты жүргізген әрине Алима Иссембаева болды. Ол Алматыдағы білікті "British American Tobacco" компаниясында белгілі пиар-менеджері болып қызмет атқарады. Ол ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдап, ары қарай білімін шыңдау үшін оқуын шетелде жалғастырады. Алиманың өте салмақты, биязы және қарапайым адам екені сөйлеген сөзінен,іс-әрекетінен көрініп тұрды. Оның 3 сағат бойына өткізген сабағы маған қатты ұнады. Соның ішінде ол бізге көптеген мәліметтер айтып кетті. Мәселен, темекіге байланысты шығарған фильмі жайлы да айиып кетті. Интернет-технология жайлы да біраз ақпараттар тарқатып кетті. Мен көп нәрсе үйрене алдым.

5 апреля, 22:11
353